2023 жылдың 21-22 қарашасында Алматыда Ұлттық денсаулық сақтау органдарының, қоғамдастық базасындағы ұйымдардың, халықаралық ұйымдар мен донорлық агенттіктердің атынан өкілдік ететін 100-ден астам делегаттың қатысуымен Орталық Азиядағы ЕЖЕ және транс* адамдар арасында КДП бойынша бірінші (қосалқы)өңірлік консультация сәтті өтті.
Консультацияның ұйымдастыру комитетінің құрамына ЕКОМ — Денсаулық, құқықтар, гендерлік және жыныстық әртүрлілік жөніндегі Еуразиялық коалицияның (Таллин, Эстония); ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы (Копенгаген, Дания); Қоғамдық денсаулық сақтау альянсы (Киев, Украина); Адам денсаулығы институты (Астана, Қазақстан); Қырғыз Индиго (Бішкек, Қырғызстан) кірді.